
Қазақстанда І топтағы мүгедектігі бар азаматтарға теміржол билеттерін рәсімдеу жеңілдетілді.
Бұдан былай арнайы орындарға билет алу үшін кассаға барудың қажеті жоқ – енді бұл қызметті онлайн жасауға мүмкіндік берілді.
Бұған дейін мұндай мүмкіндік қарастырылмаған еді. Бас көлік прокуратурасының қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі жүйені жетілдіріп, мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде сәйкестендіруді қамтамасыз етті.
2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылды. Бұл ҚТЖ электрондық билеттеу жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы мүмкін болды.
Нәтижесінде І топтағы мүгедектігі бар 90 мыңға жуық азамат теміржол билеттерін онлайн сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
В Атырау +30.4