
Атырауда жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды. Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеу сұралды.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының хабарлауынша, жаттығулар 10 шілдеде басталды. Негізгі мақсат – ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру.
Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі теңіз экономикалық нысандарында, соның ішінде «Қашаған» кен орны маңында терактілердің алдын алу бойынша жаттығулар өткізуде.
«Оқу-жаттығулар барысында мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелері әскери катерлерді суға түсіруді пысықтайды. Азаматтардан жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң орындауды сұраймыз», – делінген штабтың үндеуінде.
Сонымен қатар тұрғындар тек ресми дереккөздерге сеніп, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат пен қауесет таратпауға шақырылды.
В Атырау +30.4