
Атырауда әлеуметтік желідегі жалған ақпарат қала тұрғындары арасында дүрбелең туғыза жаздады. Жергілікті тұрғын «Көктем» сауда үйінің жанында қайыр сұрап отырған ер адамды қауіпті инфекция таратып отыр деп көпшілік алдында айыптады, деп хабарлайды Halyqstan.
Қала тұрғынының көшедегі қайыршы ашық туберкулез түрімен ауырады-мыс деген жазбасы санаулы сағаттардың ішінде жергілікті пабликтерге тарап кетті. Алайда, әйел желідегі жарияланыммен ғана шектелмей, оқиға орнына полиция нарядын шақырып, ер адамды қоғамнан дереу оқшаулауды талап еткен.
Тәртіп сақшылары бейбақты туберкулезге қарсы ауруханаға жеткізген, бірақ дәрігерлер оны мәжбүрлі түрде ауруханаға жатқызуға ешқандай негіз таппай, босатып жіберген. Айқанынан қайтпайтын тұрғын полицияны екінші рет шақыртып, ер адамды қайтадан дәрігерлерге апарған. Бірақ екінші рет барғанда да ештеңе өзгемеді — біраз уақыттан кейін ол «Көктем» Сауда үйінің жанындағы үйреншікті орнына қайта оралды, сірә, құқық қорғау органы қызметкерлерінің назары сонша неге өзіне ауғанына қатты таңғалған сыңайлы.
Осы уақытта интернетте тараған қауесет өз мақсатына жетті: үрейленген азаматтар ауруды жұқтырып алудан қорқып, ер адамды бір шақырым жерден айналып өте бастады. Нәтижесінде, қайыр сұрап отырған адам күні бойы босқа отырып, қалтасына бірде-бір тиын-тебен түспеген.
Дәрігерлер не деді?
Жағдайдың кеңінен тарағаны соншалық, қала тұрғындарының үрейін басу үшін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына ресми мәлімдеме жасауға тура келді.
Белгілі болғандай, ер адам бұрын шынымен де ауырған, бірақ ол айналадағыларға енді ешқандай қауіп төндірмейді.
«Аталған азамат Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығында толық емдеу курсынан өтті. Ол бір жылға жуық — 2025 жылғы 2 маусымнан 2026 жылғы 23 мамырға дейін стационарлық емделуде болды. Барлық соңғы зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның туберкулез қоздырғышын бөлуі толығымен тоқтатылды, талдаулары теріс нәтиже көрсетті. Ол қоғам үшін мүлдем қауіпсіз болып ауруханадан шығарылды», — деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қызу талқылауға себепкер болған адамның өзі бір күнде Атырауда ең көп талқыланған тұлғаға айналғанын түсінбеген де сияқты. Ол үшін бұл жай ғана өте сәтсіз және аш қалған күн болды.
В Атырау +30.4