Атырау, 10 шілде 11:45
 дождьВ Атырау +22.5
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14

​«Иран Ормуз бұғазын бақылап отырған жоқ» — АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы

61 рет қаралды
АҚШ Ормуз бұғазындағы қоршаудың алынғанын жариялады/Сурет: REUTERS
АҚШ Ормуз бұғазындағы қоршаудың алынғанын жариялады/Сурет: REUTERS

АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары таратқан «Тегеран стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелердің қозғалысын толық бақылауға алды» деген мәлімдемесін ресми түрде теріске шығарды.

Бұған дейін Иранның мемлекеттік БАҚ-тары бұғаз арқылы өтетін барлық сауда кемелерінің транзиті енді тек Тегеран бекіткен және келісілген бағыттар бойынша ғана жүзеге асырылатыны туралы ақпарат таратқан еді.

«Иран Ормуз бұғазын бақылап отырған жоқ», — деп қысқа қайырды америкалық CENTCOM.

АҚШ-тың әскери ведомствосы америкалық қарулы күштердің аймақтағы қатысуын жалғастырып жатқанын және халықаралық теңіз жолы бойынша коммерциялық танкерлер мен кемелердің қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқанын атап өтті.

Бүгін, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.