Атырау, 9 шілде 19:58
 дождьВ Атырау +23.3
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

Атырау облысында 17 кәсіпорын жұмысшылардың құқығын бұзғаны үшін жазаланды

96 рет қаралды

Атырау облысының прокуратурасы 3,3 мыңнан астам қызметкердің конституциялық құқығын қорғады.

Қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында талдау жүргізілді. Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерді өз қаражаты есебінен сақтандыруға міндетті.

Уәкілетті органдардың дерегінше, биыл қалада өндірісте 28 жазатайым оқиға тіркелген. Қадағалау актісін қарау нәтижесінде анықталған барлық заң бұзушылықтар жойылды.

Еңбекшілердің құқықтарын қорғау үшін жұмыс берушілер 3 мыңнан астам қызметкермен міндетті сақтандыру шарттарын жасасты. Ал заң бұзушылықтарға жол берген 17 кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының ұсынысы негізінде 600-ден астам педагогтің іссапар шығындары өтеліп, 65 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Бүгін, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.