Атырау, 9 шілде 20:02
 дождьВ Атырау +23.3
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

Еңбек кітапшасында қате болса, еңбек өтілі қалай расталады?

77 рет қаралды

Еңбек кітапшасында қате кетсе, мөр басылмаса немесе кейбір деректер дұрыс толтырылмаса, еңбек өтілін архив анықтамасы немесе сот арқылы растауға болады. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Оның айтуынша, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі зейнетақы тағайындау кезінде еңбек кітапшасы арқылы есепке алынады. Сонымен қатар базалық зейнетақыны есептегенде міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер де ескеріледі.

– Егер еңбек кітапшасында қате кетсе, түзету енгізілсе немесе қажетті жазбалар болмаса, азамат еңбек өтілін басқа құжаттармен растауы тиіс, – деді Асқар Аймағамбетов.

Спикердің сөзінше, еңбек кітапшасын толтыру кезінде кадр қызметкерлері қателесіп кетуі мүмкін. Мысалы, бұйрықтың нөмірі немесе күні жазылмай қалуы, ұйымның мөрі қойылмауы немесе анық басылмауы ықтимал.

Мұндай жағдайда еңбек өтілін архивтен алынған анықтамамен растауға болады. Ал егер құжаттағы қателерді басқа жолмен дәлелдеу мүмкін болмаса, еңбек өтілі сот арқылы анықталады.

Сондай-ақ Қазақстанда қағаз еңбек кітапшаларынан біртіндеп бас тартып, еңбек қызметінің есебін толықтай цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр.

Бүгін, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.