Атырау, 9 шілде 16:28
 снегВ Атырау +23.8
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

Ақтаудағы кафеде ер адамның бетіне оқ атылды

114 рет қаралды

Ақтаудағы ойын-сауық орындарының бірінде түнгі уақытта атыс болды. Оқиға 8 шілдеге қараған түні, шамамен сағат 01:00-де орын алған. Кафе ішінде келушілер арасында жанжал шығып, оның барысында бір адам қару шығарып, қарсыласының бетіне оқ атқан, деп хабарлайды Halyqstan.

Полиция оқиғаға жедел әрекет етіп, күдіктіні ізін суытпай ұстады. Жараланған ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Абырой болғанда, жарақаты өміріне қауіп төндірмейді, қазір оның жағдайы тұрақты.

Қазіргі уақытта түнгі атысқа байланысты тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқтың қай қарудан атылғанын, жанжалдың нақты себебін және күдіктінің әрекеттерін Қылмыстық кодекстің қай бабына сәйкес сараланатынын әзірге жариялаған жоқ.

Оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер тергеу барысында белгілі болады.

Бүгін, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.