Атырау, 28 қазан 03:00
 дождьВ Атырау +9.8
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Иран АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларына соққы жасағанын мәлімдеді

637 рет қаралды

Ислам революциясының сақшылар корпусы (ИРСК) таратқан мәлімдемеде АҚШ-тың Иранның оңтүстік жағалауларына жасаған шабуылдары қол жеткізілген келісімдерді бұзу екені айтылды, деп хабарлайды АА.

«АҚШ армиясының агрессиясы жауапсыз қалмайды», – деп атап өтті ИРСК.

Мәлімдемеге сәйкес, алғашқы жауап ретінде ИРСК-нің әскери-теңіз және әскери-әуе күштері бірлескен зымырандық операция жүргізіп, дрондарды қолданған. АҚШ шабуылынан бір сағат өткен соң Кувейттегі Аррифджан мен Али-эс-Салем базаларының, сондай-ақ Бахрейндегі Джуфайр мен Шейх-Иса базаларының инфрақұрылымы мен маңызды нысандары жойылғаны хабарланды.

ИРСК егер АҚШ тарапынан жаңа шабуылдар жасалса, жауап соққылары аймақтағы басқа америкалық әскери базаларға да таралатынын ескертті.

9 шілде, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.