
ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылық кеңестің VI отырысында сайлау заңнамасына енгізілген жаңашылдықтар талқыланды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанабилова дауыс беру орындарын анықтаудың жаңа тәсілдеріне және азаматтарды сайлаушылар тізімімен таныстыру тәртібін жетілдіруге қатысты заңнамалық жаңалықтарды таныстырды.
«Заңнамадағы ең маңызды жаңашылдықтардың бірі - вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге, сондай-ақ үздіксіз жұмыс істейтін өндірістері бар ұйымдардың жұмыскерлеріне арналған сайлау учаскелерін құру мүмкіндігінің енгізілуі. Бұл түзетудің практикалық маңызы зор. Бүгінде дауыс беру күні мыңдаған азамат кен орындарында, өндірістік кәсіпорындарда және басқа да шалғай орналасқан нысандарда еңбек етеді. Мұндай жағдайларда өндірістік процеске зиян келтірмей жұмыс орнын тастап кету мүмкін емес. Соның салдарынан олардың сайлауға қатысуға қатысты конституциялық құқығын іске асыру объективті түрде қиынға соғатын. Заңның жаңа ережелері осындай азаматтардың жұмыс орындарында тікелей сайлау учаскелерін құруға мүмкіндік береді. Осылайша, сайлауға қатысудағы ұйымдастырушылық кедергілерді жойылып, еңбек жағдайына қарамастан әрбір азаматтың сайлау құқықтарын тең дәрежеде жүзеге асыруына жағдай жасалады», – деп түсіндірді Әсел Жанабилова.
Бүгін, 09:46
В Атырау +21.1