Атырау, 8 шілде 17:21
 дождьВ Атырау +29.1
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

ҚТЖ-дағы кадрлық өзгерістер: басшының міндетін атқарушы тағайындалды

83 рет қаралды

Бауыржан Пазылбекұлы Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prokadry.kz.

Б. Орынбасаров 1970 жылғы 22 қазанда Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі: 1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1994 жылы Батыс Қазақстан теміржолының Қызылорда теміржол станциясында жолдар бойынша кезекші болып бастаған.

Әр жылдары Алматы-2 станциясының кезекшісі, пойыз диспетчері, жол диспетчері, аға диспетчер, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының бірінші орынбасарының көмекшісі және кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Кейіннен ҚТЖ құрылымдарында бас инженер, филиалдар директоры, басқарушы директор, вице-президент және басқарма төрағасының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары лауазымдарын қоса алғанда, басқарушылық қызметтерді атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік процестер жөніндеге басқарушы директоры қызметін атқарып келді.

Оның мемлекеттік және салалық марапаттары, соның ішінде «Құрмет» және «Парасат» ордендері, сондай-ақ «Құрметті теміржолшы» белгісі бар.

Еске сала кетейік, бүгін Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымынан кеткен болатын.

Бүгін, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.