Атырау, 8 шілде 17:05
 дождьВ Атырау +29.1
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

Киев Саратов пен Татарстандағы мұнай зауыттарына жасалған шабуылды растады

75 рет қаралды

Ресейдің бірнеше өңірінде мұнай өңдеу өнеркәсібі нысандары ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Бұл туралы екі тарап та растады, деп хабарлайды BBC.

Шабуылға Саратов облысы мен Татарстандағы мұнай өңдеу зауыттары (оның ішінде Нижнекамскідегі) тап болды.

Украина президенті Владимир Зеленский осы өңірлердегі нысандардың зақымданғанын растады. Ал Башқұртстандағы ұқсас нысандарға жасалған соққылардың ықтимал салдарына қатысты украин тарапы түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің Бас штабы да Нижнекамск пен Саратов облысындағы мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасалғанын хабарлаған, алайда ресми мәліметте Башқұртстан аталмаған.

Уфадағы жағдай 

Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та Уфадағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады.

Башқұртстан билігі өңірде ресми түрде дрон шабуылы қаупі жарияланғанын растады. Қауіпсіздік тәуекелдеріне байланысты Уфа халықаралық әуежайы уақытша ұшақтарды қабылдау мен жіберуге шектеу енгізді.

Қазіргі уақытқа дейін Башқұртстан билігі инфрақұрылымның зақымдануы немесе зардап шеккендер туралы ресми ақпарат таратқан жоқ.

Бүгін, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.