Атырау, 8 шілде 15:46
 дождьВ Атырау +29.1
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

Атырау облысы әкім​інің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев шартты түрде босатылмады

165 рет қаралды

Атырау облысы әкімінің экс орынбасары Нұрлан Таубаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қол жеткізе алмады. 

Алдымен Астанадағы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот Нұрлан Таубаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұған келіспеген ол апелляциялық шағым түсірді. Алайда өткен аптада қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. 

Осылайша бұрынғы шенеунік жазасын өтеуді жалғастырады. Таубаевтың мерзімі аяқталуына шамамен екі жыл қалған, себебі ол 2022 жылдың мамырынан бері түрмеде отыр, ал сотқа дейінгі тергеу кезінде екі жылға жуық уақыт тергеу изоляторында болған.

Еске сала кетсек, 2020 жылы Нұрлан Таубаев пен Атырау облыстық құрылыс басқармасының сол кездегі басшысы Тимур Басаров жол құрылысына қатысты компаниядан 182 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

2022 жылдың мамырында сот оларды ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі бойынша («Өте ірі көлемде пара алуға оқталу») кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Айгүл Мансурова

Бүгін, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.