Атырау, 8 шілде 18:22
 дождьВ Атырау +29.8
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

Атыраудағы аурухана палатасына жарқанат кіріп кетті

79 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Әлеуметтік желіде Атырау облыстық инфекциялық аурухана палатасына жарқанаттың кіріп кеткені туралы бейнежазба тарады. Осы жағдайға байланысты редакция аурухана әкімшілігіне сауал жолдаған еді. 

Аурухана мамандары мәлімдегендей, оқиға 4 шілдеде ЖРВИ бөлімшесінің №5 палатасында орын алды. Сол күні аурухананың өзге блогында терезелер мен есіктер ауыстырылып жатқан. Аурухана әкімшілігіндегі мамандардың пайымдауынша, жарқанат сол жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттың ішіне кіріп кеткен. 

Жануарды жауапты қызметкерлер ғимараттан қауіпсіз түрде шығарып алды. Палатаға дезинфекциялық ерітінділермен санитариялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, іші толық желдетілді.

Мекеме мамандары ғимарат пен инженерлік коммуникацияларға қосымша тексеру жүргізді. Жануарлардың кіруіне себеп болуы мүмкін саңылаулар мен басқа да кіретін жолдар анықталып, бітелді.

Ауруханада санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы жоспарлы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Қолданыстағы талаптарға сәйкес дератизация іс-шаралары тек кеміргіштерге қарсы жүргізіледі. Жарқанат кеміргіштерге жатпайтын сүтқоректі жануар болғандықтан, аталған жағдай бойынша дератизация жүргізуге нормативтік негіз жоқ. Бұл ретте мекемеде механикалық қорғаныс және күшейтілген санитариялық бақылау шаралары іске асырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.