Атырау, 8 шілде 11:54
 дождьВ Атырау +26.2
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

Төрт жыл бойы темір рудасын шетелге тасыған: Кәсіпорын басшылығы жауапқа тартылды

67 рет қаралды

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады. Осы деректер бойынша облыстың арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.

Тергеу барысында өңірдегі кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын ешқандай лицензиясыз, заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарып келгені белгілі болды. Осы заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам сомада шығын келтірілген.

Істі тергеу барысында үш күдікті қамауға алынып, құны 360 млн теңгеден астам болатын мүлікке тыйым салынды.

Аталған қылмыстық іс бойынша прокуратура органдары мемлекеттік айыптауды қолдады.

Қарағанды облысының Шет аудандық сотының қарауының нәтижесінде:

  • Үш сотталушы жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды;

  • Олардың әрқайсысы әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.