
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Жайсанбаев жаңа қызметке тағайындалды. Ол Жоғары кеңес құрамындағы құрылымды басқарады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жайсанбаев Қанатбек Бақытұлы Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы лауазымына тағайындалды», — делінген ресми құжат мәтінінде.
Президенттің осы Жарлығымен ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2000). Заңгер
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2012). Экономист
Еңбек өтілі:
Қазақ мемлекеттік заң академиясы Қызылорда филиалының оқытушысы (2000-2001);
Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы (08.2001-09.2001);
Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2001-2005);
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы (2005-2007);
«Kazakh Integrated Services» ЖШС және «CNRG Capital» ЖШС заңгері (2007-2008);
Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2008-2010);
Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы (2010-10.2016);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (10.2016-04.2021);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (04.2021-09.12.2022);
ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі (09.12.2022-01.09.2023);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі (2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап).
В Атырау +19.8