Атырау, 26 қазан 03:03
 дождьВ Атырау +7.7
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​ҚТЖ басшысы қызметінен кетті

524 рет қаралды
Сурет: ҚТЖ
Сурет: ҚТЖ

Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымын босатты.

ҚТЖ басшысының өкілеттігі компанияның жалғыз акционері («Самұрық-Қазына» АҚ) шешімімен тоқтатылды.

«Жалғыз акционердің шешімімен «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алдыбергенов Талғат Сағиұлының өкілеттігі тоқтатылды», — делінген ресми хабарламада.

Ұлттық теміржол компаниясы жетекшісінің бос тұрған лауазымына кімнің тағайындалатыны әзірге хабарланған жоқ.

8 шілде, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.