Туннель Түрік Республикасының негізі қаланған күні ашылды. Пойыздың алғашқы жолаушысы премьер Реждеп Эрдоган болды.
Ыстамбұлдың еуропалық және азиялық бөлігін байланыстыратын теміржол туннелі 2013 жылдың тамыз айында сынақтан өткізілді. Оның ұзындығы 13,6 шақырымды құраса, максимальды тереңдігі -56 м.
Туннельдің құрылысын аяқтау бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын. Алайда оған қарамастан, туннель Ыстамбұлда алғашқы аяқталған мегажоба болып отыр.
Босфор түбіндегі пойыздар қозғалысының интервалы 2 минуттан болады, ал туннельдің өткізгіштік қабілеті - күніне 75 мың адам.
Туннель құрылысы 2004 жылы жапон-түрік консорциумымен басталды. Құрылысты Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі мен Еуропа инвестициялық банкі қаржыландырды.
Атап өтсек, аталмыш туннельдің құрылысы о бастан-ақ геологиялық тұрғыдан өте күрделі жоба болды, өйткені бұғаз сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан.
Дереккөз: BNews.kz