
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды",– делінген ресми құжат мәтінінде.
Асламбек Мерғалиев туралы не белгілі
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- 1999 жылы Стамбұл мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 1998–1999 жылдары – Екібастұз қаласындағы жеке фирманың заңгері;
- 1999–2001 жылдары – Павлодар облыстық Әділет басқармасының бас маманы;
- 2001–2003 жылдары – Павлодар облыстық сотының бас маманы;
- 2003–2007 жылдары – Павлодар қалалық сотының судьясы;
- 2007 жылдан 2008 жылғы желтоқсанға дейін – Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
- 2008 жылғы желтоқсаннан 2012 жылғы шілдеге дейін – Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы;
- 2012 жылғы шілдеден 2014 жылғы маусымға дейін – Павлодар қаласының №2 сотының төрағасы;
- 2014 жылғы 17 маусымнан 2015 жылғы 18 желтоқсанға дейін – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы;
- 2015 жылғы 18 желтоқсаннан 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін – Қостанай облыстық сотының төрағасы;
- 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2022 жылғы 8 желтоқсанға дейін – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы;
- 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.
Бүгін, 09:15
В Атырау +19.8