Атырау, 7 шілде 19:20
 дождьВ Атырау +24.8
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Euronews қазақ тілінде хабар тарата бастайды

67 рет қаралды

7 шілдеде Астанада өткен баспасөз конференциясында Euronews қазақ тіліндегі жаңа қызметін іске қосты. Бұл — халықаралық арнаның Орталық Азиядағы стратегиялық қадамы.

Жаңа арна әлемдік контентті қазақша жеткізіп, Қазақстан мен аймақ оқиғаларын жаһандық аудиторияға таныстыруды көздейді. Euronews желісінде Орталық Азия халықтарының арасынан алғаш рет қазақ тілі еніп, 20-шы тіл болыпқосылды.

Euronews төрағасы Педро Варгас Давид қазақ тілінің «евразиялық кеңістіктегі маңызды орынға ие екенін» атап өтті. Ал Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірінші вице-министрі Қанат Искаков бұл оқиғаны «тарихи веха» деп бағалап, қазақ тілінің дамуына серпін беретінін айтты.

Жаңа қызмет Астана мен Алматыдағы редакциялар арқылы жұмыс істейді. Арна Қазақстан мен Орталық Азиядағы қоғамдық-саяси бағдарламаларды әзірлеп, оларды әлемдік аудиторияға ұсынбақ.

Бұл бастама қазақ тілінің халықаралық мәртебесін арттырып, ел тұрғындарына Euronews-тің тәуелсіз әрі объективті журналистикасына қазақ тілінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.