
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз вейп өнімдерін өткізудің жолын кесті.
ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл 29 маусымында «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде мемлекетіміздің аумағына ірі партияда «вейптерді» заңсыз алып кіру әрекеті анықталды. Тыйым салынған 27 624 дана көлеміндегі тауарлар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасына жасырылған.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің құны 500 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
ҰҚК Баспасөз қызметі Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош істендіргіштер мен сұйықтықтарды алып кіруге және өндіруге тыйым салынатынын еске салады.
В Атырау +24.8