Атырау, 7 шілде 17:55
 дождьВ Атырау +24.8
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Жемқорлықпен күрес: Бір айда 125 құқық бұзушылық тіркелді

102 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынды.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биыл маусым айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын тіркеді. Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылды.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі мынадай қылмыстарға қатысты болды:

  • Парақорлық — 97 факті;

  • Алаяқтық — 9 факті;

  • Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану — 8 факті;

  • Жымқыру — 7 факті;

  • Қызметтік жалғандық жасау — 3 факті;

  • Билікті асыра пайдалану — 1 факті.

Қазіргі уақытта 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жіберілді.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залалдың жалпы сомасы 4,7 млрд теңгені құрады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде:

  • Бюджетке 2,1 млрд теңге қайтарылды;

  • Құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Ведомствоның хабарлауынша, осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Бүгін, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.