Атырау, 7 шілде 17:31
 дождьВ Атырау +32.4
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

​Жетісу облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қыздың интимдік материалдарын таратқан

Бейнежазба
62 рет қаралды

Жетісу облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ-нің тиісті департаментімен бірлесіп және "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы өкілдерінің қолдауымен интимдік сипаттағы материалдарды заңсыз тарату дерегін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Алакөл ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы кәмелетке толмаған қызбен танысып, кейін байланысын мессенджерлердің бірі арқылы жалғастырған.

  • Жақын қарым-қатынас барысында ол қыздың сеніміне кіріп, психологиялық қысым көрсеткен және қорқытқан;

  • Сондай-ақ 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беремін деп уәде етіп, одан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдарды алған;

  • Кейін бұл материалдарды мессенджерлердің біріндегі жабық арналар арқылы заңсыз таратып, одан материалдық пайда тапқан.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Жаңа адамдар" жастар қозғалысының өкілдеріне алғыс білдіреді.

Полиция ата-аналарды балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады:

  1. Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау қағидаларын түсіндіру қажет;

  2. Бейтаныс адамдармен байланысудың қауіпті екенін және ешбір жағдайда жеке фото-бейнематериалдарды бөгде адамдарға жібермеу керектігін үнемі ескертіп отырған жөн.

Егер сіз немесе балаларыңыз интернет арқылы бопсалау, қорқыту, ақша талап ету немесе жеке деректердің заңсыз таратылуы сияқты жағдайларға тап болса, дереу полицияға хабарласуыңыз қажет. Уақтылы берілген ақпарат құқық бұзушыларды жедел анықтауға көмектеседі.


Бүгін, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.