
Тұрғынның айтуынша, ол немерелеріне әпермек болған кешкі асты төрт сағат күткен. Ақыр аяғында есік алдына жыртылған пакет тастап кеткен, ал ішіндегі тамақты қоқысқа тастауға уге мәжбүр болған. Оның үстіне, тапсырыс үшін төленген ақша да қайтарылмаған.
Қала тұрғынының сөзінше, тапсырыс 4 шілде күні Wolt сервисі арқылы «Насиха» сауда үйіндегі KFC мейрамханасынан берілген. Кассалық чекке сәйкес, тағамдардың құны 13 300 теңгені құраған.
Шағымданушы курьерді отбасымен бірге төрт сағатқа жуық күткенін айтады. Осы уақыт ішінде не есік қоңырауы соғылмаған, не ұялы телефонға ешкім хабарласпаған. Тек кейін тамақ салынған пакетті пәтердің табалдырығынан кездейсоқ тауып алған.
Әйелдің мәлімдеуінше, пакет жыртылып, май сіңіп кеткен, қуырылған картоптары шашылып, тамақтың өзі суып, ылғалданып қалған. Тапсырыстың суреттері мен кассалық чегі редакцияда бар.

Осыдан кейін зейнеткер Wolt қолдау қызметіне жүгінген. Алайда, оның айтуынша, мәселе шешілмеген: тапсырыс құны өтелмей, сервис өкілдерімен арадағы хат-хабарлар кейін олардың тарапынан өшіріліп тасталған.
Нәтижесінде, 13 300 теңге тұратын тапсырыс қоқыс жәшігіне кетіп, немерелеріне уәде етілген кешкі ас берілмей қалған.
Редакция жағдайға қатысты ақпарат алу және тұрғынның өтініші бойынша тексеру жүргізілген-жүргізілмегенін білу мақсатында Wolt пен KFC компанияларына ресми сауал жолдады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +32.4