Атырау, 7 шілде 17:04
 дождьВ Атырау +32.4
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

​QazaqGaz басшысы басқарушы құрамның сыйлықақылары «онша үлкен емес» екенін мәлімдеді

68 рет қаралды
Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ
Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ

QazaqGaz басшысы Әлібек Жамауов ұлттық компанияның басқарушы құрамына төленетін сыйлықақылар мен бонустардың мән-жайын түсіндірді.

Оның айтуынша, сыйақы жүйесі бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізген жағдайда төлем жасауды қарастырады. Жамауов бұл сыйлықақылар мен бонустар «Самұрық-Қазына» АҚ бекіткен корпоративтік ережелерге сәйкес төленетінін атап өтті. Сонымен қатар ол QazaqGaz-дағы бонустар, өз ойынша, «онша үлкен емес» екенін мәлімдеді.

Компания басшысы алға қойылған міндеттерді орындап, нәтиже көрсеткен жетекшілердің сыйлықақы алуға лайықты екенін де қадап айтты.

QazaqGaz-дың 2025 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес, негізгі басқарушы персоналға төленген сыйақының жалпы сомасы 737,5 млн теңгені құраған. Бұл санатқа компанияның басқарма мүшелері мен тәуелсіз директорлары — барлығы 13 адам кіреді. Құжатта бұл сомаға жалақы мен басқа да төлемдер кіретіні және ол компанияның жалпы әкімшілік шығындарының құрамында көрсетілгені жазылған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша QazaqGaz ұлттық компаниясының таза пайдасы 271 млрд теңге болды.

Бұған дейін тағы бір ұлттық компания — «Қазақтелекомның» есептілігі де қоғамда талқылау тудырған еді. 

Басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қоса алғанда, «Қазақтелекомның» негізгі басқарушы құрамына 2025 жылдың қорытындысы бойынша төленген төлемдердің жалпы сомасы 752,3 млн теңгені құрады. 2024 жылы бұл сома 906,5 млн теңге болған болатын. Дегенмен, «Қазақтелеком» есебінде төлемдердің нақты қанша бөлігі жеке Бағдат Мусинге тиесілі екені нақтыланбаған.

Сондай-ақ «Қазақтелекомның» таза пайдасы 2025 жылы шамамен екі есе өсіп, 77,2 млрд теңгеден 146,9 млрд теңгеге жеткені хабарланды. Компанияның табысы (выручка) 587 млрд теңгеге жуықтады.

Осылайша, QazaqGaz және «Қазақтелеком» топ-менеджерлеріне 2025 жылы берілген төлемдер өзара қарайлас болды: QazaqGaz-да 737,5 млн теңге, ал «Қазақтелекомда» 752,3 млн теңге төленген.

Бүгін, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.