Атырау, 26 қараша 10:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тимур және мұнай мәселесі

2 281 просмотра

Ертең, 30 қазан күні Атырауға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ келеді деп күтілуде.

Ол бір күндік сапар бағдарламасы бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен бизнеске өңірлік палата директоры Асылбек ЖАКИЕВТІ таныстырып, Өңірлік палата кеңесінің төрағасын сайлайды. Қалған уақытын мұнай мәселесіне арнамақ. Шамасы, Қашаған жобасын іске қосуға байланысты проблемалар туралы болатын шығар.

Кеңеске ҰКП басқармасының төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ (ол, біздің ақпаратымыз бойынша, мейманды әуежайдан өзі күтіп алмақ) қатысады. Мәлім етілген қатысушылар тізімінде «ҚМГ» басқармасының төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ, «KazEnergy» бас директоры Әсет МАҒАУОВ, Атырау облысында жұмыс істейтін барлық ірі шетелдік, біріккен және ұлттық компаниялардың бірінші басшылары бар. Естеріңізге салсақ, ҰКП биылғы жылдың 9 қыркүйегінде құрылған болатын. 29 қазанда Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы тіркелді. Өңірлік палата кеңесінің құрамына жергілікті 20 бизнесмен енді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 қазан 2013, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.