Атырау, 27 тамыз 03:33
 дождьВ Атырау +19.6
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42

​«ҚазМұнайГаз» басшысы қысқартылған қызметкерлер санын атады

595 рет қаралды

Ұлттық компанияның орталық аппаратында ірі қысқарту жүргізілді — 10% қызметкер, яғни 47 адам жұмыстан босатылған.

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді.

Журналистер жұмыстан шыққан топ-менеджерлер мен мамандарға қандай әлеуметтік қолдау мен өтемақы қарастырылғанын сұрады. Алайда компания басшысы нақты сандарды атамады, тек:

«Барлығы еңбек заңнамасы мен жеке еңбек шарттарына сәйкес жүргізілуде», — деп атап өтті.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында әкімшілік-басқару персоналын оңтайландыру басталғаны хабарланған. 

Бұл шара өндірістік жұмысшыларға әсер етпейді — тек орталық аппараттағы басшылық және кеңсе қызметкерлерін қамтиды.

7 шілде, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.