
Украин дрондарының шабуылына ұшыраған Ресейдің ең ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі — Омбы мұнай өңдеу зауыты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зауыттың негізгі қуат көздерінің бірі саналатын ЭЛОУ-АВТ-11 қондырғысы зақымданған болуы ықтимал.
Бұл оқиға Қазақстан үшін де маңызды. Себебі Омбы Павлодар облысына жақын орналасқан және тарихи тұрғыда Қазақстанның мұнай логистикасымен тығыз байланысты.
Қазақстан үшін ықтимал тәуекелдер:
Импорттық арнаның қысқаруы. Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары кей кездері Омбыдан жанармай алып отырған. Егер зауыт өндірісті азайтса, Қазақстан өз НПЗ-ларына көбірек сүйенуге мәжбүр болады.
Ресейге қосымша жеткізілім қысымы. Бұған дейін екі ел арасында 50 мың тонна бензин жеткізу мәселесі талқыланған. Омбыдағы қуаттың төмендеуі Ресейдің қосымша көлемге сұранысын арттыруы мүмкін.
«Сұр» экспорт тәуекелі. Қазақстандағы бензин бағасы Ресейге қарағанда төмен. Егер Сібір аймақтарында тапшылық немесе баға өсімі орын алса, жанармайды заңсыз шығару әрекеттері күшеюі ықтимал.
Қазіргі уақытта Омбыдағы жағдайдың Қазақстанға нақты әсері туралы ресми мәлімет жоқ. Дегенмен бұл оқиға көрші елдің инфрақұрылымындағы кез келген ақау Қазақстанның ішкі нарығына да ықпал етуі мүмкін екенін көрсетіп отыр.
В Атырау +31