
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов үкімет отырысында өңірді газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.
Оның айтуынша, бүгінде Атырау облысындағы газ желісінің жалпы ұзындығы 6701 шақырымды құрайды. Ал халықты табиғи газбен қамту деңгейі 99,9 пайызға жеткен.
Серік Шәпкенов газ саласын дамыту мәселесі өңірде ерекше бақылауда екенін атап өтті. Оның мәліметінше, 2024 жылы алты елді мекенге газ тартылған. Ал 2025 жылы Спутник ауылын газбен қамту жұмыстары толық аяқталып, тұрғындары көгілдір отын пайдаланып отыр.
Әкім бұл жұмыстардың Мемлекет басшысының халықты газбен көбірек қамту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталғанын қадап айтты. Табиғи газбен қамтудың жоғары деңгейі аймақ тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға және елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.
В Атырау +31