
Атырау облысында ауқымды түнгі рейдтердің қорытындысы жасалды. Төрт күн ішінде полицейлер бөлімшелерге 260-тан астам жасөспірімді жеткізіп, ондаған ата-ананы жауапқа тартты.
2-5 шілде аралығында өңірде бір уақытта екі бірдей республикалық жедел-профилактикалық шара өтті. Олар — "Түнгі қала — қауіпсіз балалар" және есірткіге қарсы “Қарасора-2026” акциялары.
Тәртіп сақшылары көңіл көтеру орындарын, көшелерді, саябақтарды және түнде жастар жиі жиналатын басқа да орындарды жаппай тексерді. Нәтижесі де ауқымды болды: ішкі істер органдарына 260-тан астам кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Жасөспірімдердің қатысуымен барлығы 285 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Түнде далада жүрген балалардың бұл әрекеті ата-аналарына оңай тиген жоқ. Мәселен, 25 ата-ана бала тәрбиесіне, олардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге немқұрайлы қарағаны үшін ресми түрде жауапкершілікке тартылды.
Өңірлік Полиция департаменті тұрғындарға балаларға деген бақылауды күшейтуді сұрап, үндеу тастады.
«Ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларының қайда және кіммен жүргенін үнемі қадағалап, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырамыз. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — тек құқық қорғау органдарының ғана емес, отбасы мен тұтас қоғамның ортақ міндеті», — деп атап өтті ведомство мамандары.
В Атырау +25.3