Атырау, 6 шілде 10:31
 дождьВ Атырау +26.5
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

​Ембі мұнайшылары Домбыра күніне орай Құрманғазының күйін орындады

48 рет қаралды

Ұлттық домбыра күніне орай «ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны — «Ембімұнайгаз» АҚ «ДомбыраChallenge» мәдени акциясын ұйымдастырды. Шараға компанияның барлық басқармала қызметкерлері қатысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ Ұлттық домбыра күніне арналған бұл мәдени іс-шараны ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының мәдени мұрасына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырды. 

Челленджге компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінен өнерлі қызметкерлер жиналды. Олар бірлесіп Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.

Компания өкілдері бұл шара ембіліктердің ұлттық мұраға деген ерекше ықыласын, сондай-ақ мұнайшылардың өнерге жақын, жан-жақты екенін көрсеткенін атап өтті.

Домбыра — қазақ тарихының, руханиятының және ұрпақ сабақтастығының негізгі нышандарының бірі.

«Ембімұнайгаз» мұндай бастамалар ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттырып, ұжымның бірлігін нығайта түсетінін жеткізді. Кәсіпорын алдағы уақытта да ұлттық мұраны насихаттауға бағытталған мәдени жобаларды қолдауды жалғастыра бермек.


Бүгін, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.