
Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуов ірі көлемде пара алды деген күдікпен қолға түсті. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өз дереккөздеріне сілтеме жасап, өзінің телеграм-арнасында хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 49 жастағы шенеунік 100 миллион теңге пара алды деген күлікке ілінді. Бұл қомақты қаржы «Атырау қаласының кәріз жүйелерін күрделі жөндеу» жобасына мүдделі компанияның пайдасына өзгерістер енгізуге көмектескені үшін берілген деп айтылады. Тергеу нұсқасы бойынша, ақша осы нысанда қосалқы мердігерлік жұмыстарды атқарған делдал арқылы берілген.
Қылмыстық іс материалдарында су шаруашылығы саласындағы елдегі ең ірі компаниялардың бірі — «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-нің басшылығы да аталады. Бұл кәсіпорын ірі салық төлеушілердің қатарында. Тек өткен жылдың өзінде фирма бюджетке 2,5 миллиард теңгеден астам салық аударған.
«Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл істі жергілікті ҰҚКД-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен Атырау облысының прокуратурасы бірлесе тергеп жатыр», — деп хабарлайды дереккөз.
В Атырау +26.5