Атырау, 26 желтоқсан 16:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Экстремизм вирусы бар файлдар

1 682 просмотра

Қалалық соттың шешімімен Атырау қаласы прокурорының араб тіліндегі 15 ақпараттық электронды файлды экстремистік деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Қалалық прокуратура бөлімінің басшысы Нұржан ЖАНГЕРЕЕВТІҢ айтуынша, бұл материалдар 2012 жылы ұсталған экстремистердің ноутбуктерінен алыныпты. Астанада олар бойынша кешенді психологиялық-филологиялық сараптама жүргізіліп, бұлардың барлығында жиһадқа үндеген терроризмді насихаттау белгілері бар екені анықталған. Осы файлдарда баяндалған идеялар сүнниттік исламдағы жиһадшыл салафиттік бағытқа тән. Енді оларды Қазақстан аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қазан 2013, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.