Атырау, 3 шілде 16:43
 дождьВ Атырау +31
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08

«Жасыл ел»: Атырауда жастар бөтелке үшін балмұздақ, белсенділік үшін оқу курсына жолдама алады

111 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Атырауда биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтары аясында жүзден астам жас жұмыспен қамтылмақ. 

Маусым айында 30 жас жұмысқа тартылды, шілдеде тағы 40 жас, ал тамызда 30 жас бағдарламаға қатысады. 

«Жеті Жарғы» қоғамдық қорының жоба менеджері Заманбек Құрақбайдың айтуынша, бағдарлама жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. 

Маусымда квест ойыны өткізілсе, шілдеде «Puzzle» интеллектуалдық ойыны жоспарланған. 

Сонымен қатар түрлі байқаулар мен экологиялық акциялар ұйымдастырылып, «Балмұздақ» бастамасы аясында 70 мың пластикалық бөтелке жиналмақ. 

Бұдан бөлек, «Апгрейд Атырау» жобасы арқылы қоғамдық орындар жаңартылып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында үш ауқымды шара өтеді.

Эко-квиз, эко-рейд, эко-тимбилдинг, эко-плоггинг және «Қалдықсыз шеберхана» секілді бастамалар да жоспарланған.

Бағдарлама қорытындысында белсенділігімен ерекшеленген жеті жасқа үш айлық оқу курсына қатысуға мүмкіндік беретін 120 мың теңгелік сертификат табысталады.

Бүгін, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.