Атырау, 3 шілде 15:56
 дождьВ Атырау +31
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08

Атырауда жарық уақытша өшіріледі: Silleno алаңына алып колонна жеткізіледі

123 рет қаралды

«Атырау Жарық» ЖШС 2026 жылғы 5 шілдеде ірі габаритті жүкті тасымалдауға байланысты бірқатар аудандарда электр энергиясын уақытша өшіретінін хабарлады.

Компанияның мәліметінше, «АтырауНефтеМаш» зауыты аумағынан Қарабатан кентіндегі Silleno құрылыс алаңына жүк жеткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарық өшіріледі.

Электр энергиясы уақытша тоқтатылатын аймақтар:

  • Бірлік және Бірлік-2 ықшам аудандары

  • Томарлы ауылы

  • Геолог, Мирас, Мұнайшы ықшам аудандары

  • Жұлдыз және Жұлдыз-3 ықшам аудандары

  • Береке ықшам ауданы

  • Вокзал маңы ықшам ауданы (3, 3а, 5)

  • СМП-163

  • Атырау – Доссор тас жолы

  • Г. Берғалиев көшесі

  • М. Баймұханов көшесі

Энергетикалық компания өкілдері бұл шаралар персоналдың және тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті.

«Атырау Жарық» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындардың түсіністік танытқанына алғыс білдірді.

Бүгін, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.