Атырау қаласының прокуратурасы мүгедектер құқығын қорғауға бағытталған заңнамалардың сақталуын тексерді.
Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Еркебұлан ЕРМЕКОВ хабарлағандай, 11 жұмыс беруші қызметкерлердің жалпы санының 3%-ы мөлшерінде белгіленген мүгедектерге жұмыс орнын ұсыну квотасын орындамаған. Бұл - «Болашақ-Атырау», «Аджип ККО», «Бюро Веритас Казахстан Индастриал Сервисез», «Гео Энерджи Груп», «Тесла Тан», «Медицина» АҚ, «КазТурборемонт», «Кейп Индастриал Сервисиз Лимитед», «Каспий Лимитед», «Фирма АТК» және «Каспиан Транс Сервис» компаниялары.
Қалалық прокуратураның енгізген ұсынысы бойынша осы кәсіпорындардың лауазымды тұлғалары ҚР ӘҚтК 94-бабы бойынша (Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларды бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК (1 АЕК - 1 731 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ