Атырау, 8 тамыз 12:32
 дождьВ Атырау +33.9
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

Атырауда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

1 038 рет қаралды

Атырау қаласы әкімдігі жастарды қолдауға бағытталған «Атырау қала жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады.

Өтінімдер eatyrau.kz порталы арқылы онлайн қабылданады. Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2026 жылғы 7–27 шілде.

Бағдарлама шарттары:

  • Жылдық мөлшерлеме – 5%

  • Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%-ынан бастап

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге

  • Несиенің ең ұзақ мерзімі – 19 жыл

  • Тұрғын үй тек Атырау қаласынан беріледі

Қатысу талаптары:

  • ҚР азаматы болуы

  • Атырауда тұрақты тіркеуде болуы

  • Жасы 35 жасқа дейін

  • Соңғы 5 жылда меншікті тұрғын үйінің болмауы

  • Соңғы 1 жыл үздіксіз ресми жұмыс өтілі болуы

  • Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады

Бағдарламаға қатыса алатын санаттар:

  • Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласы мамандары

  • ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлер

  • Журналистер мен БАҚ қызметкерлері

  • Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері

  • Қалалық коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлері

  • Төтенше жағдайлар саласы мамандары

  • Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар (35 жасқа дейін)

  • Мемлекеттік қызметшілер

  • ІІМ, прокуратура, ҰҚК және өзге құқық қорғау органдары қызметкерлері

  • «Қазпошта» қызметкерлері

Бұл бастама жастарға қолжетімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік беруді көздейді.

3 шілде, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.