
Polisia.kz хабарлауынша, Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуде тиімді құралға айналған.
Алмагүл ықшам ауданында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен бүлдіршін туралы хабар түскен бойда операторлар камералар арқылы оның жүрген бағытын анықтап, ақпаратты полиция жасақтарына дереу жеткізді. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде бала қысқа уақыт ішінде аман‑есен табылып, заңды өкіліне тапсырылды.
Бұл оқиға бейнебақылау жүйесінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, адамдарды іздестірудегі және полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырудағы маңызын тағы бір дәлелдеді.
Заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалану азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстың ажырамас бөлігі болып қала береді.
В Атырау +28.2