Атырау, 3 шілде 11:42
 дождьВ Атырау +22.3
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08

Астана күні: Қазақстан бойынша ХҚКО-лар қай күндері жабылады?

83 рет қаралды
Сурет: 2gis
Сурет: 2gis

Елорда күніне орай Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі уақытша өзгереді, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Мереке күні, 6 шілдеде, еліміздегі барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді. Бұл күні азаматтарды қабылдау және дайын құжаттарды беру қызметтері көрсетілмейді.

Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметтерді шұғыл алу қажет азаматтар үшін кезекші орталықтар жұмыс істейді. 4 шілде, сенбі күнгі жұмыс кестесі төмендегідей:

  • Кезекші ХҚКО-лар – сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
  • Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар – автокөлікке қатысты өтініштерді 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін 13:00-ге дейін береді.

7 шілде, сейсенбі күнінен бастап мемлекеттік корпорацияның республика бойынша барлық фронт-офистері қалыпты жұмыс кестесіне қайта оралады.

Қазақстандықтарға мемлекеттік мекемелерге баруды алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ көптеген танымал мемлекеттік қызметтерді eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта алуға болатыны еске салынды.

Бүгін, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.