Атырау, 23 қараша 23:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай күдіктілерді іздеп жатыр

1 494 просмотра

Қытай Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында жарылған көліктің Шыңжаң аймағымен байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Дүйсенбіде Тяньаньмэньде жүрген жұрт арасына кіріп кеткен автокөлік алдымен жарылып, одан кейін өртене бастаған еді. Оқиға алаңның солтүстік бөлігінде, «Жабық қалаға» кіретін қақпаға жақын тұстағы Мао Цзе Дуньнің үлкен суреті ілінген маңда болған. Жергілікті ақпарат құралдары оқиға салдарынан автокөлікте отырған үш адамның қаза болғанын хабарлады. Сонымен бірге бірнеше жаяу жүргінші зардап шеккен, арасында шетелдік туристер мен полиция өкілдері бар.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пекин полициясы күдікті екі адам мен Шыңжаң аймағына тиесілі дейтін төрт автокөлікке іздеу салған.

Этникалық ұйғырлар басым тұратын Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында Қытайдың аймақта жүргізетін саясатына анда-санда қарсылық шаралары өтетін.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 қазан 2013, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.