Атырау, 23 қараша 16:21
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мансұрдың жұмбағы

3 588 просмотра

Мансұр МҰҚЫМОВ. Мансұр МҰҚЫМОВ. "В Контакте" әлеуметтік желісінен алынған сурет.Атырау мұнай және газ институтының атыраулық студенті және «Что? Где? Когда?» зияткерлік ойынының үлкен жанкүйері Мансұр МҰҚЫМОВ күзгі ойын маусымында білімпаздарды ұтты. Оның жіберген қарапайым қазақ жұмбағына зияткерлер клубының әккі ойыншылары жауап таба алмады. Болашақ мұнайшы 50 мың ресей рублі мөлшерінде ақшалай сыйлық алады.

Бұл жаңалықты редакцияға Мұқымовтар жанұясының жақын досы хабарлады. Ол осы ойынның бейнежазбасын да қоса әкеліпті.

Ойын 19 қазанда тікелей эфирде өтті. Мансұр өз жеңісі туралы Павлодарда, «Атырау» жасөспірімдер футбол командасының құрамында оқу-жаттығу жиынында жүрген кезінде естіген. Біз онымен телефон арқылы байланыстық:

- Бір-екі күн бұрын маған Мәскеуден телефон соғып, жеңіске жеткенімді хабарлады, - дейді Мансұр.– Мен сенбедім, әзілдеп тұрған шығар деп ойладым. Ата-анама телефон шалып, ойынның жазбасын қарауды сұрадым.

Міне, ойынның бейнежазбасын қарадық. Жүргізуші қазақстандық Атырау қаласының тұрғыны Мансұр Мұқымов "Шапка зернышек полна. Утром глянул – нет зерна» (Тақиям толы сөк, таңертең тұрсам жоқ) қазақ жұмбағын шешуді сұрайды деп хабарлады.

Клуб білімпазы Владимир УЛАХОВИЧТЫҢ «одуванчик» (үлпілдек) деп берген жауабы дұрыс болмады. Дұрыс жауап: жұлдызды аспан.

- Мен сұрақты өткен жылы қыста жібергенмін, - дейді Мансұр.– Мұндай сәттілік болады деп көп үміттенген де жоқпын, өйткені сұрақтарға қатаң таңдау жасалады ғой. Арада бірталай уақыт өтті. Шынымды айтсам, күткен жоқпын.

«Что? Где? Когда?»ойынымен Мансұр мектеп кезінен бері әуестенеді екен, оның айтуынша, ол институттағы оқудан және футболмен кәсіби шұғылданудан демалтады екен.

Айта кетсек, ол жіберген жұмбақты төменгі сыныптарға арналған қазақ әдебиетінен табуға болады. Бақтарыңызды сынап көріңіздер.

Сәуле ТАСБУЛАТОВА

29 қазан 2013, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.