Атырау, 2 шілде 18:20
 дождьВ Атырау +30.5
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13

Қазақстанда алғашқы криптоайырбастау орны ашылды

74 рет қаралды

Қазақстан Ұлттық банкі алғаш рет криптоайырбастау операторына ресми лицензия берді. Бұл нарықта заңды жұмыс істеуге рұқсат алған тұңғыш компания — "Pax Finance" ЖШС, деп хабарлайды Orda.kz.

Енді компания криптоактивтерді сатып алу, сату және сақтау қызметтерін толықтай заңды түрде жүргізе алады. Бұған қоса, лицензия бойынша ел аумағында физикалық бөлімшелер ашуға және криптоматтар орнатуға рұқсат берілген.

Forbes Kazakhstan басылымының мәліметінше, бұл жобаның артында отандық финтех саласында танымал тұлғалар тұр. "Pax Finance" ЖШС құрылтайшылары:

  • Арман Батаев — қаржы кеңесшісі, аудитор, "OD Consulting" компаниясының басқарушы серіктесі және "Finmentor.kz" танымал жобасының негізін қалаушы;

  • Азат Бекмағамбетов — кәсіпкер, бұған дейін "Paxaro Labs" компаниясы мен "PaxWallet.io" криптоәмиянының тең құрылтайшысы болған;

  • Орынгүл Есжанова — Атырау облысындағы мұнай сервисі бизнесіне қатысы бар кәсіпкер.

Криптоайырбастау орындарын АХҚО (Астана халықаралық қаржы орталығы) юрисдикциясынан тыс жерде де заңдастыру бастамасын Ұлттық банк өткен жылдың мамыр айында ұсынған болатын. Ал лицензия беру жұмысы ресми түрде 2026 жылдың 1 мамырынан басталды.

Реттеуші бұл нарыққа шығатын компанияларға өте қатаң талаптар қойып отыр. Ұлттық банктің мақұлдауын алу үшін компания мына шарттарды орындауы тиіс:

  • Жарғылық капиталы кемінде 50 миллион теңге болуы керек;

  • Тәуекелдерді басқарудың қатаң жүйесі мен комплаенс-бақылауды енгізуі қажет;

  • Клиенттерді тексеру (KYC) рәсімдерінің сенімділігі мен киберқауіпсіздіктің заманауи шараларын қамтамасыз етуі шарт.

Бүгін, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.