Атырау, 2 шілде 20:12
 дождьВ Атырау +30.5
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13

​Атырау облысында заңсыз қоқыс орындары анықталғаннан кейін әкімдерге айыппұл салынды

115 рет қаралды

Жылыой ауданы прокуратурасы елді мекендер аумағында жүргізген тексеріс барысында 51 учаскеде орналасқан 62 заңсыз қоқыс үйіндісі табылды.

Олар Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті және Қосшағыл, Жем, Ақкиізтоғай, Қараарна, Майкөмген ауылдық округтерінде анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданып, Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің және бес ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 227 мың теңгені құрады.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ауданның 495 тұрғынына әкімшілік жаза қолданылды.

Прокуратура тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды. Жұмыс әрі қарай жалғасып, прокуратура бақылауында болады.

Бүгін, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.