
6 сәуір күні таңертең BINOM әл‑Фараби атындағы мектептің жанында, Нұрсая ықшамауданында болған қайғылы оқиғада бірінші сынып оқушысы жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда Toyota Hiace шағын автобусы қағып кеткен.
Қыз бала алған жарақатынан көз жұмды.
Атырау қаласының №2 соты 52 жастағы жүргізушіні жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне себеп болғаны үшін кінәлі деп таныды. Ол сотта кінәсін толық мойындап, өкінішін білдірді. Айыпталушы апаттан кейін бірден тоқтап, жедел жәрдем шақырғанын айтты.
Сот үкімінде жүргізушінің өткел алдында екі баланы өткізіп жібергені, бірақ үшінші баланың қалғанын байқамай, қозғалысын жалғастырғаны жазылған. Дәл осы қателік жеті жасар қыздың өмірін қиды.
Жазаны тағайындау кезінде сот оның бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындағанын, өкінішін және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырғанын ескерді. Қылмыс абайсызда жасалғандықтан, жүргізушіге 2 жыл бас бостандығынан айыру және 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы кесілді.
@akzhaiyk.news
оригинальный звук - Ак Жайык
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +29