Атырау, 1 шілде 20:40
 дождьВ Атырау +27.3
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14

Атырауда тәуелсіз теміржол техникасын сынақ орталығы ашылды

112 рет қаралды

Атырауда Texol Industrial жобасы аясында заманауи тәуелсіз ғылыми‑зерттеу және сынақ орталығы іске қосылды.

Бұл нысан локомотивтерді, жүк вагондарын және басқа да техникаларды зертханалық жағдайда ғана емес, қозғалыс барысында да сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Енді отандық кәсіпорындар өнімдерін сертификаттау мен типтік сынақтарды шетелдік зертханаларға жүгінбей‑ақ, Қазақстанда ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес жүргізе алады.

Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев қатысып, орталық өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, машина жасау саласын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Орталықта жоғары дәлдіктегі әмбебап жабдықтар орнатылған, олардың кейбірінің әлемде баламасы жоқ. Мұнда тек теміржол техникасы ғана емес, машина жасау, құрылыс және басқа салалардың өнімдері де сынақтан өткізіледі.

Қазіргі таңда орталықта 10 маман жұмыс істейді, алдағы уақытта олардың саны 15–20 адамға дейін артады. Орталық Атырау вагон жасау зауытының базасында ашылып, жылына сегіз мыңнан астам жүк вагонын шығара алатын өндірістік циклді толық қамтиды.

Бүгін, 19:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.