Атырау, 27 тамыз 04:30
 дождьВ Атырау +19.6
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42

Қазақстанда Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді

660 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді. 

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу міндеті Орталық сайлау комиссиясына жүктелді. Үкімет пен әкімдерге сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық‑техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету тапсырылды.

Жарлық 2026 жылғы 1 шілдеде Астанада жарияланған күнінен бастап күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енген болатын. Ол Құрылтайды заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде бекітеді.

1 шілде, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.