
Қазақстан Республикасының Премьер‑министрі Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38‑ші пленарлық отырысы аясында жетекші халықаралық энергетикалық компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.
Eni S.p.A директоры Лука Виньятимен энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесі қаралды. Жаңаөзенде қуаты 247 МВт гибридті электр станциясының құрылысы талқыланып, төмен көміртекті технологияларды енгізу мен энергия жүйесінің тұрақтылығын арттыруға баса назар аударылды.
Baker Hughes басшысы Лоренцо Симонеллимен өндірісті локализациялау, заманауи технологияларды енгізу және газ өңдеу, декарбонизация саласындағы жобаларға қатысу мәселелері талқыланды. Компания Қазақстанда қосалқы бөлшектердің 174 түрін локализациялап, сервистік қызметтердің 95%-ын жергілікті мамандар арқылы жүзеге асырып отыр.
Кездесулер барысында инвестициялық жобалардың ағымдағы мәртебесі қаралып, мұнай‑газ саласындағы технологиялық әріптестікті кеңейтуге өзара мүдделілік расталды.
В Атырау +25.3