Атырау, 1 шілде 15:18
 дождьВ Атырау +25.3
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14

​Индер ауданында жаңартылған Ардагерлер саябағы ашылды

Сурет
114 рет қаралды

Индер ауданының Бөдене ауылында қайта жаңғыртудан өткен Ардагерлер саябағы салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Жоба аясында саябақ толық абаттандырылып, көгалдандырылды. Бұрын апатты деп танылған тұрғын үй сүріліп, оның орны саябақ аумағына қосылып, балалар ойын алаңы салынды.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі Серік Нсанбаев қатысып, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Жаңартылған саябақта балаларға арналған заманауи ойын құрылғылары, воркаут алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары орнатылды. Енді бұл демалыс орны ауыл тұрғындары үшін серуендеп, спортпен айналысуға қолайлы қоғамдық кеңістікке айналады.

Бүгін, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.