Атырау, 8 тамыз 13:32
 дождьВ Атырау +33.9
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

Bereke Fest Атырауда: 10–15% жеңілдікпен қайда тауар сатып алуға болады

606 рет қаралды

2026 жылғы 1–7 шілде аралығында Атырауда республикалық Bereke Fest акциясы өтеді.

Бұл туралы қала әкімдігінде хабарлады.

Акцияның мақсаты – қоғамда Конституцияның маңызын насихаттау, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қолдау және халықты сапалы тауарлармен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету.

Bereke Fest аясында бірқатар азық-түлік өнімдері мен күнделікті тұтыну тауарлары 10–15% жеңілдікпен сатылатын болады.

Атырауда акция келесі бөлшек сауда дүкендерінде өтеді:

  • «Ярмарка» супермаркеті, Авангард, 3-шағынаудан, 40А;

  • «Ярмарка» супермаркеті, Авангард, Гумаров көшесі, 4;

  • «Анвар» супермаркеті, Сәтпаев көшесі, 14.

Қала тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысып, тиімді ұсыныстарды пайдалануға шақырады.

1 шілде, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.