Атырау, 1 шілде 13:10
 дождьВ Атырау +21.6
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14

ҚМГ мен Chevron мұнай экспортының жаңа жолдарын қарастырды

67 рет қаралды
Сурет: ҚМГ
Сурет: ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада Chevron корпорациясының upstream жөніндегі президенті Клэй Неффпен кездесті. Серіктестер мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың қазіргі барысы мен алдағы жоспарларын нақтылады.

Келіссөздер барысында «Теңізшевройл» ЖШС-нің операциялық қызметін тұрақты жүргізу және өндірістік қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне баса назар аударылды. Сонымен қатар, тараптар Теңіз кен орнын одан әрі игеру және Қазақстан аумағындағы жаңа перспективалы учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын бірлесе жүргізу мүмкіндіктерін сөз етті.

Жиында отандық мұнайды әлемдік нарыққа шығарудың логистикалық бағыттары да қаралды. Көмірсутек шикізатын тасымалдауды әртараптандыру мақсатында Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚЖ) мен баламалы Баку-Тбилиси-Жейхан маршрутының әлеуеті талқыланды. 

Келіссөздер соңында қос компания өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады.

Бүгін, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.