
Премьер-министр Олжас Бектенов бір ай ішінде Қазақстан өңірлерін газдандыру жоспарларын қайта қарап, жұмысты жеделдетуді талап етті.
Үкімет басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді газбен қамтамасыз ету деңгейін 80 пайызға жеткізу туралы тапсырмасын еске салды.
«Энергетика министрлігіне QazaqGaz компаниясымен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде газ тарату желілерін кеңейту және салу жоспарларын жаңартуды тапсырамын. Бұл жобаларды толық әрі үздіксіз қаржыландырып, жүзеге асыру мерзімдеріне қатаң мониторинг жүргізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Үкімет жақын арада газ саласын дамыту мәселесін жеке қарастыратыны атап өтілді.
В Атырау +21.6